2026 жылғы 9 қазанда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Юрий Пильтихиннің «Қағаз бен кенептегі ойлар» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Юрий Васильевич - Теміртау қаласына танымал суретші. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы қалалық «Т-Арт» суретшілер клубын басқарып келеді және клуб құрылған сәттен бастап оның төрағасы.
Көрмеде соңғы үш жылда салынған 36 туынды ұсынылды. Олардың қатарында кескіндеме, графика, пастель және папье-маше техникасында орындалған жұмыстар бар. Жан-жақты суретші ретінде ол әртүрлі материалдармен жұмыс істейді: майлы бояу, пастель, акрил, гуашь, қарындаш, линер және акварель. Сондықтан көрмедегі туындылардың орындалу техникасы алуан түрлі.
Экспозицияның бір бөлімі - нобайлардан, көркемдік сызбалардан, эскиздер мен скетчтерден құралған ұзындығы алты метрлік коллаж.
Бұл - суретшінің шығармашылық үдерісінің өзіндік «шеберханасы». Ол көрерменге көркем туындыларды жасау жұмысының бастапқы кезеңін көзбен көруге мүмкіндік береді.




