Дисплей опциялары

Қаріп өлшемі:
Сайт түстері
Бейне

Параметрлері

Қалыпты нұсқа

Қаріп параметрлері:

Қаріпті таңдаңыз Arial Times New Roman

Әдіптер арасындағы интервал (кернинг): Стандартты Орташа Ұлы

Түс схемасын таңдау:

Жабу панелі Әдепкі параметрлер

2026 жылғы 10 қазанда Теміртау қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі “Қала тарихы” атты көшпелі экспозиция ұйымдастырды. Экспозиция тұжырымдамасы Теміртау қаласының қалыптасу және даму тарихына негізделді. Экспозиция қала тарихының әр кезеңін бейнелейтін бірнеше интерактивті фотоаймақтардан құралды. Олар қаланың қалыптасу кезеңі мен алғашқы құрылысшылардан бастап, кейінгі даму кезеңдері мен Теміртаудың қазіргі өміріне дейінгі тарихи сәттерді қамтыды.

Интерактивті формат келушілерге тарихи материалдармен танысып қана қоймай, экспозицияның тікелей қатысушысы болуға мүмкіндік берді. Фотоаймақтар мерекеге келген қонақтардың назарын аударып, естелік суреттерге түсуге және сонымен қатар туған қаланың тарихымен жақынырақ танысуға жағдай жасады. “Қала тарихы” экспозициясы мереке қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Фотоаймақтарға әртүрлі жастағы қала тұрғындары, балалы отбасылар, жастар мен Теміртау қонақтары келді. Қалаға таныс көріністер мен бейнелерді танып, қала тарихын өзгеше әрі заманауи форматта көру мүмкіндігі ерекше қызығушылық туғызды. Көшпелі экспозицияны ұйымдастыру музейге Теміртаудың тарихи-мәдени мұрасын қалалық мереке аясында тікелей таныстыруға, музей аудиториясын кеңейтуге және қала тарихын насихаттаудың заманауи интерактивті тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Осылайша, музейдің “Қала тарихы” көшпелі экспозициясы арқылы Қала күні мерекесіне қатысуы тұрғындар мен қонақтардың Теміртау тарихына деген қызығушылығын арттырудың, музей материалдарына назар аударудың және қаланың әртүрлі даму кезеңдеріне қатысты тарихи жадты сақтаудың тиімді тәсілі болды.