Іс-шараның мақсаты - түрлі діни дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыру, дінаралық сұхбатты дамыту және қоғамдағы рухани келісімді нығайту.
Кездесу барысында діни толеранттылық, түрлі конфессия өкілдерін жақындастырудағы мәдениет пен өнердің рөлі, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында радикализмнің алдын алудағы ағартушылықтың маңызы талқыланды.
Қатысушылар үшін «Дін тарихы діни ғибадат заттары арқылы» музей экспозициясымен танысу ұйымдастырылды. Экспозицияда XIX–XX ғасырларға жататын, түрлі конфессиялардың діни рәсімдеріне қатысты 50-ден астам бірегей жәдігер ұсынылған.
Сонымен қатар діни төзімділік деңгейін анықтауға арналған жедел сауалнама мен тестілеу, жағдаяттық тапсырмаларды талқылау, рефлексия және өзіндік талдау әдістерін қолдану қарастырылды.
Іс-шара әлемдік діндер тарихына деген қызығушылықты арттыруға, конфессияаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және өзара құрмет пен қоғамдық келісім құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.





