2025 жылдың 3 маусымында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде мектеп жанындағы лагерьлерге арналған «Жоғалған қазынаны іздеу» ойын бағдарламасы басталды. Жас іздеушілер әртүрлі аралдарға қызықты саяхат жасады.
Қазына аралында оларды Али баба қарсы алды, ол жерде балалар «Музей қолтырауыны" ойынын ойнады, Quiz-ге қатысып, «Сим-сим, аш!» деген сиқырлы сөздерді тауып, үңгірге түсіп, алтын құйманы алды.
Жұмбақ аралда балалар Робинзон Крузомен кездесті. Ойыншылар жылдамдықпен жүгіріп отырып, қасықтың көмегімен түрлі-түсті шарларды қазанға салды, әртүрлі кейіпкерлерге айналып, жануарлардың мутанттарынан оларды тапты. Сынақ аяқталғаннан кейін олар тағы бір алтын құйма алды.
Қарақшылар аралында оларды Джек Воробей қарсы алды. Ойынға қатысушылар алтын салынған тоналған қаптарды палубаға алып кетті. Қарақшылар ұрламақ болған жәдігерлерді сұлбасынан тануға тырысты, қазына сақталған сандықтарды ашып, алтын құйманы тапты.
Шытырман оқиғалардан, сынақтардан өтіп, көңілді және қызықты тапсырмаларды орындап, ойын аяқталғаннан кейін, олар барлық алтын құймаларды тәтті сыйлыққа ауыстырды.