Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы Теміртау залы – заманауи қаланың келбеті. Экспозиция Теміртаудың өнеркәсіп, мәдениет, спорт және әлеуметтік салалардағы дамуын көрсетеді. Мұнда қала тарихының ажырамас бөлігіне айналған, қаланың кәсіпорындары шығарған өнім үлгілері, спортшылар мен мәдениет қызметкерлерінің марапаттары қойылған.

Залдың көркемдік шешімі Қарағанды металлургия комбинатында жасалған металл конструкцияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылған. Бұл Теміртаудың металлургтер қаласы екенін айқындай түседі.

«Жанасымды сәулет» бөлімі ерекше орын алады. Ол көру қабілеті нашар және зағип келушілерге арналған «Қолжетімді орта» бағдарламасы аясында жасалған. Экспозицияда қаланың маңызды сәулет нысандарының бедерлі бейнелері ұсынылған.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.