2025 жылғы 21 қазанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде, қаламыздың 80 жылдығына арнайы, басылымға шыққан «Теміртау: жылдар ағымында» кітабының тұсаукесері өтті.
Теміртау қаласының әкімі Ғ.Ә. Әшімовтың бастамашылығымен, әкім аппаратының белсенді қатысуымен жарық көрген кітап. Жұмыс тобына тарихшылар, өлкетанушылар, қалалық мекемелердің өкілдері, журналистер, фотосуретшілер кірді.
Кітап XIX ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейінгі Теміртаудың тарихын жан-жақты баяндайтын, Теміртау өлкетану музейінің қорынан, кәсіпорындар мен қала тұрғындарының мұрағаттарынан алынған бірегей деректі фактілер мен фотосуреттермен толықтырылған алғашқы басылым болды.
«Теміртау: жылдар ағымында» кітабының ерекшелігі мазмұнында ғана емес. Бұл көпшілікке танымал және барлық қала тұрғындарына қол жетімді болатын қала туралы алғашқы басылым. Тұсаукесер барысында кітаптың 100 данасы қалалық мәдениет және спорт мекемелерінің, қалалық мектептердің, кітапханалардың, этно - мәдени және қоғамдық бірлестіктердің, арнайы және жоғары білім беру мекемелерінің, жастар және ардагерлер ұйымдарының қорларына табысталды.
Создание книги было инициировано акимом г. Темиртау Г.А. Ашимовым и велось при активном участии аппарата акима. В рабочую группу вошли историки, краеведы, представители городских учреждений, журналисты, фотографы.
Книга стала первым изданием, которое максимально развернуто повествует об истории Темиртау с середины XIX века до нынешних дней, и включает в себя уникальные документальные факты и фотографии из фондов Темиртауского краеведческого музея, архивов предприятий и горожан.
Книга «Темиртау: сквозь десятилетия» исключительна не только по своему содержанию. Это первое издание о городе, которое стало достоянием общественности и будет доступно всем горожанам. Во время презентации, 100 экземпляров книги были переданы в фонды городских учреждений культуры и спорта, городских школ, библиотек, этно - культурных и общественных объединений, учреждений специального и высшего образования, молодежных и ветеранских организаций.




