2025 жылғы 12 қарашада Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында «Теледидар – «КВН-49» экспозициясы ашылды.
Біздің музей қорында алғашқы кеңестік теледидардың жаппай шығарылымда болған моделі бар – бұл «КВН-49».
КВН - 49 - бұл жай ғана құрылғы емес, соғыстан кейінгі кеңес дәуірінің жетістіктерінің бірі және КСРО-дағы алғашқы жаппай қолданыста болған теледидар. Оның 1949 жылы пайда болуы миллиондаған кеңестік отбасылар үшін теледидар дәуірінің басталуы. Музей жинағындағы ақ-қара теледидар КВН-49 деп белгіленген және 1958 жылы шыққан. Өндіріс көлемі 1950 жылы 12 мың данадан 1960 жылы 1,7 миллионға дейін өсті. Оны «халықтық теледидар» деп атауға болады.
Теледидардың салмағы 29 кг болды. Теледидар кеңестік кезеңнің өмірін бейнелейтін жинақтың бір бөлігі. Теміртау қаласының тұрғындары сыйға тартқан.


