2025 жылғы 18 желтоқсанда «Ай жәдігері» жобасы аясында «Балаларға арналған басқылы мотороллер «Кроха»» экспозициясының ашылуы өтті. «Балаларға арналған басқылы мотороллер «Кроха»» - 3 жастан 7 жасқа дейін арналған кеңестік балалар көлігінің үлгісі. Мұндай мотороллерлер 1970-1980-ші жылдары Петропавл қаласында (Қазақ КСР) Куйбышев атындағы зауытта кеңінен шығарылды.
Бүгінгі күнде «Кроха» мотороллері 1970-1980-ші жылдардағы жаппай балалар көлігінің үлгісі ретінде музей құндылығына айналған. Ұсынылып отырған жәдігерді музейге Теміртау қаласының тұрғыны С. Н. Дирксен сыйға тартқан. Шығарылған жылы: 1986.
«Кроха» мотороллерінің танымалдығы көбінесе оның КСРО-дағы ең танымал -ВП-150 «Вятка» мотороллерімен ұқсастығына байланысты болды.
Басқылы мотороллерлер үйде ғана қолданылмады: оларды балабақшаларда, пионерлер үйлерінде және «Балалар әлемі» дүкендер желісінде көруге болатын. Күнделікті тіршілік мәдениетін бейнелейтін зат ретінде «Кроха» бала тәрбиесі, өнеркәсіптік дизайн деңгейі туралы түсінікті және кейінгі кеңестік кезеңнің рухын айқын көрсетеді.


