2025 жылғы 24 желтоқсанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «MODE ROUTE» бірегей жаңа жылдық іс шара басталды.
Келушілер көңіл-күйді максималды деңгейге көтеретін 7 интерактивті аймаққа саяхат жасады
Бағыт бағдары:
- «Жаңа жылдық вайб» фотоаймағында қонақтар жаңа жылдық шырша мен музейдің қысқы қор заттарымен мерекелік фотосуретке түсті;
Стильді кадрлар үшін тамаша орын дайындалды: гирляндалар, жайлылық пен керемет атмосфера, келушілерді еріксіз күлімсіретті;
- «MaskPoint» аймағында қонақтар өздерін атақты жұлдыздар кейпінде сезініп, контент үшін жаңа фото-бейне форматын жасады;
- «Хаб қарлары» аймағы. Мұнда қонақтар қаржинағыштың көмегімен қар жинап, ептілігімен жарысты;
- «Дәуірлер қиылысы» фотоаймағы. Бұл фотоаймақта музей қонақтары әртүрлі тарихи дәуірлерге аттанды. Ежелгі адам, Томирис патшайымы, хан, батыр немесе ұлттық қазақ костюміндегі қыз болуға мүмкіндік берілді;
- «Қоржын» аймағында қонақтар Музейдің жаңа жылдық қоржынынан өздеріне арналған тамаша жаңажылдық тілектер алып шықты;
- «Болжаулар» аймағында қонақтар өздеріне ұнаған жәдігердің көмегімен 2026 жылы не күтіп тұрғанын болжады;
- «Алтын балық» аймағында қонақтар қармақ алып, қысқы балық аулауда алтын балық ұстап алуға тырысты.




