2026 жылғы 3 сәуірде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қарағандылық суретші – Қазақстан Республикасының сәулетшілер және суретшілер Одағының мүшесі Владимир Троценконың «Мен тағы да Сіздермен біргемін» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Суретші, график, Қазақстан Республикасының сәулетшілер және суретшілер Одағының мүшесі. 1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының сәулет факультетін бітірген. Қазіргі таңда Қарағанды қаласында тұрып, еңбек етеді.

Көрмеде 35 туынды ұсынылды. Бұл графика, коллаждар, ассамбляж, кескіндемелер, фотосуреттер. Әрбір туындыда өзіндік идея жатыр. Олар динамикалық әрі қысқа, бірақ терең ойға жетелейді. Бұл әсіресе супрематикалық коллаждарда сезіледі. Кәсіби маман ретінде өзіне тән қолжазбасы бар, сонымен қатар модернистердің, конструктивистердің және коллаж шеберлерінің шығармашылықтарын жалғастырушы болып табылады.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.