2026 жылғы 7 сәуірден бастап, Ғарышкерлер күніне орай және алғашқы қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтің туғанына 80 жыл, ғарышқа алғашқы ұшуына 35 жыл толуына байланысты Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Ғарышқа сапар» атты коуч-тренинг басталды.

Зияткерлік тренинг барысында жас ғарышкерлер:

  • ғарышты алғаш игерген тұлғалармен, алғашқы қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтің өмір жолымен танысты, ғарыш құпияларын ашты;
  • гидропоника әдісімен бидай мен бұршақ өсіру бойынша биологиялық тәжірибе жүргізіп, ғарыштағы салмақсыздық жағдайына жақын тағамдардың дәмін татып көрді;
  • центрифуга, термокамера, сурдокамера, Хилов әткеншегі ұғымдарының мәнін түсінді;
  • экскурсанттар арнайы үлгідегі скафандр мен сынақшы-ұшқыштың шлемін киіп, «Барани креслосының» баламасында өздерін сынап көрді;
  • өздерінің ғарыштық мекенжайын анықтап, Теміртаудың жұлдызды аспанын құрастырды;
  • сондай-ақ «Спутник-1», зымырантасығыштары «Восток» және «Шаттл» үлгілерін қайта құрастырды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.