18 сәуір күні сағат 17:00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде - музей мен «СтихиЯ» поэтикалық қауымдастығының бірлескен «Музейник» атты шығармашылық іс - шарасы өтті.

Кеш бағдарламасы бойынша теміртаулық ақындар мен прозашылар өнер көрсетті, олар бұрыннан таныс өлеңдерін, сонымен қоса жаңа авторлық өлеңдерін де ұсынды.

Музей жәдігерлерімен ұйымдастырылған ойындар іс-шараның интерактивті бөлігіне айналды, қатысушылар ассоциациялар, бейнелер және көркем сөз арқылы музей қорындағы заттарға жаңаша көзқараспен қарады.

«Музейник» шырайлы, шығармашылық атмосферада өтті, музей мен поэтикалық қауымдастықтың өзара ынтымақтастығының жарқын үлгісін көрсетті, мәдени сұхбаттың дамуына және жаңа аудиторияны тартуға ықпал етті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.