2026 жылғы 22 сәуірде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулық туы астында» халық дәстүрлер фестивалі ашылды.
Бір апта ішінде музей Теміртауда тұратын этностардың дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен мәдени мұраларын көрсетіп, таныстыратын арнайы бірнеше аймақтар ұйымдастырылған фестиваль алаңына айналды.
Фестивальға қатысушылар:
- АҚ «Qarmet» этномәдени бірлестігі;
- «Қағанат» татар этномәдени бірлестігі;
- «Шанчек» чуваш этномәдени бірлестігі;
- «Фольксшимме» неміс этномәдени бірлестігі.
Фестиваль бағдарламасында 4 аймақ жұмыс істеді:
1. Қазақ мәдениеті
«Бесікке салу» - нәрестенің дүниеге келуіне байланысты ең
маңызды рәсімдердің бірін көрсету.
2. Татар-башқұрт мәдениеті
Сабантой - халық мерекесін өткізу және дәстүрлерімен
таныстыру
3. Чуваш мәдениеті
Чуваш костюмінің тарихы мен құпиялары
4. Неміс мәдениеті
«Маibaum» - мамыр ағашын орнату дәстүрі
Фестиваль алаңы бір апта бойы жұмыс істеді.






