Теміртау музейі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қызықты әрі танымды станциялардан тұратын ойын өткізді.
Ойын 7 станцияға бөлінді. 1. Қысқы иістер – аталмыш станцияда оқушылар бірнеше иістерді иіскеу арқылы танып, қысқы иістерді таңдап шықты. 2. Бұл қандай зат – оқушылар қара жәшікте жасырынған жәдігерлерді жанасу арқылы тауып шықты. 3. «Қолтырауын» станциясында оқушылар қара жәшікте жасырынған жәдігерді қимыл, іс-әрекетпен бір-бірлеріне көрсету арқылы жауабын тапты. 4. «Не жоғалды?» - бұл станцияда оқушыларға әр түрлі жәдігерлер көрсетілді, олар барлық жәдігерлерді көзбен 1 минут қарап шығып, теріс айналды, жүргізуші бір немесе екі жәдігерді жасырды, оқушылар қайта қараған кезде не жоғалғанын атап айтты. 5. «Артық затты тап» станциясында - оқушылар алдында техникаға сәйкес жәдігерлер (наушник, дэнди, компьютерлік тышқан, дискеталар, касеталар, скакалка) және тұрмыстық заттар (нан илеуіш, оқтау, қасық, ыдыс-аяқ, бокал, асық) қойылды, осылардың арасынан сәйкес келмейтін артық затты жылдам тапты. 6. «Сәйкестендір» станциясында оқушылар көне жәдігерлердің атауын заманауи заттармен ұштастырды. 7. «Сандықты толтыр» станциясында оқушылар екі топқа бөлініп сандыққа қаптар лақтырды.
Бұл ойында балалар музейдің көптеген жәдігерлерімен танысты, ойлау қабілеттерін дамытты, тарихи заттарға деген қызығушылықтары артты.