2025 жылғы 7 ақпанда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнер музейінің қорынан «Көпұлтты шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтті.
2025 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен атап өтіледі. Бұл біздің көпұлтты Республикамыздың бірлігі мен тұрақтылығының символына айналған бірегей институт.
Осы күнге орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнерінің музейі көрермендердің назарына түрлі ұлт өкілдері суретшілерінің шығармашылық көрмесін ұсынды.
Облыстық өнер музейінің қорында 20-дан астам ұлттар пен этнос өкілдерінің он мыңдаған туындылары сақталған. Бұл Қарағандының бейнелеу өнері тарихында із қалдырған жарқын есімдер - Мыңғыш Әбілқасов, Виктор Арент, Сергей Щеголихин, Фания Исламова, Петр Кишкис, Саркис Саносян, Павел Реченский, Абрам Черкасский. Бүгінде бұл суретшілердің 26 туындысы Теміртау музейінің көрме залында ұсынылып отыр.
Бейнелеу өнерінің алуан түрлері мен жанрларында орындалған туындылар. Әр сурет - туған өлке, оның адамдары, көктем, достық, бейбітшілік пен махаббат туралы көрнекті баяндайды. Қарағанды суретшілерінің туындылары көрерменді ашық түсті палитрасымен, құбылмалы пластикалық формаларымен қуантады, әрбір туынды ұлттық ерекшелігімен, орындау техникасының алуан түрлігімен және халық даналығының асылымен қаныққан.