2025 жылдың 13 ақпанында №10 ЖББМ базасында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне арналған «Ауғанстан жалынынан» көшпелі іс-шаралар сериясының алғашқысы өтті.
Іс - шара форматы мультимедиялық технологиялар мен музей жәдігерлері арқылы тарихи кезеңге енуді біріктірді: жауынгерлер формасы, каска, қазандық, дала телефоны, Кеңес әскерлерінің жабдықтары, жаттығу қаруы, интернационалист- жауынгерлердің хаттары, оппозиция жауынгерлерінің құжаттары мен насихат парақшалары және т. б.
Іс-шара барысында Ауғанстандағы соғыстың нақты оқиғасын бейнелейтін бейне, деректі хроника, сондай-ақ жауынгер-интернационалист жерлестеріміздің естеліктері қолданылды.