2025 жылғы 7 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде, Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған, Данияр Бисембаевтың «Қыз, ару, әйел» атты фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтті.

Данияр Бисембаев фотосуретші, «Сплав» халық фотоклубының мүшесі, «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Artmodels» балалар фотосурет мектебінің педагогы.

Көрмеде ұсынылған 110 туындысында автор әр түрлі жас шамасындағы әйел бейнелерінің сұлулығын, жан дүниесі мен толғанысын жеткізуге тырысты.

Олар әйелдің есею кезеңдерін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.

Бірінші бөлім қыздар туралы. Бұл балалық шақтың шынайы қуанышы мен бейқам өмірін көрсететін фотосуреттер.

Екінші бөлім арулар жайында.  Ол бойжеткен қыздарды көрсетеді. Суреттерде олардың есею сәттерін, өзін өзі іздеуін және алғашқы сезімдерін көруге болады.

Үшінші бөлім әйелдер бейнесі. Бұл фотосуреттердің соңғы сериясы. Бұл суреттерде өмір бойы қалыптасқан жан толғанысы мен өмірлік тәжірибе. Қайсарлы келбет, кемеңгерлік, даналық – әйелдер бейнесінде айқын көрсетілген.

Әйелдер көздерінің фотосуреттер сериясы ерекше орын алды.  Өйткені, адамның көзі - оның жан дүниесінің айнасы.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.