2025 жылғы 28 наурызда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Шексіз шығармашылық» атты қалалық суретшілер көрмесінің ашылуы өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемде музей қала суретшілерінің көрмесін өткізіп, шығармашылық алаңға айналды. Міндетті шарт - жаңа туындыларды көрсету болды.
Биылғы жылы көрмеге белгілі теміртаулық суретшілер қатысты: ҚР суретшілер Одағының мүшесі – Қуат Асқаров, Александр Болюх, Надежда Болюх; ҚР суретшілер Одағының және ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі Х. Мұстафина, суретшілер – С. Бабий, И. Сатаев, «Т-АРТ» суретшілер клубының мүшелері – Б. Аманжолов, Ю. Пильтихин, В. Лазариди, Е. Кузьминская, Г.Комарова, Г. Малярова, Е. Малецкая, В.Садовский, сондай - ақ клубтың жас қатысушылары – Е. Николаева, Т. Крупнова, О. Гайфулина, П. Тришина.
Ғ. Жұбанова атындағы Өнер мектебінің оқытушылары да өз жұмыстарын ұсынды – Э. Градова, Е. Богза, В. Ержанова, С. Соловьева,
Көрме әр түрлі жанрлармен және орындау техникасымен ерекшеленді. Классикалық, дәстүрлі туындылардан бастап құю техникасындағы заманауи абстракттық шығармаларды, сондай - ақ эгломизе деп аталатын безендіру техникасындағы туындылар ұсынылды.
Табиғи ландшафт, натюрморт және портреттік композициялар басым болды. Керемет графикалық эскиздер мен сәндік - қолданбалы өнер туындылары - кішкентай пішіндегі мүсіндер көрермендерге ерекше әсер етті.