2025 жылғы 7 сәуірде Халықаралық Ғарышкерлер күніне орай Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «АЛҒА ҒАРЫШКЕР» атты зияткерлік тренинг басталды.
Зияткерлік тренинг барысында жас ғарышкерлер:
- ғарышты ашқан тұлғалармен танысты, ғарыштық құпияларды ашты;
- гидропоника әдісімен картоп өсіру бойынша биологиялық эксперимент жүргізді, ғарыштық салмақсыздық жағдайына тән тағамды сынап көрді;
- келесі ұғымдардың мағыналарымен танысты: центрифуга, термокамера, сурдокамера, Хилов әткеншегі;
- экскурсияға қатысушылар стильдендірілген скафандр, сынақшы-ұшқыштың шлемін киіп көрді, «Барани креслосының» аналогында өздерін сынай алды;
- өздерінің ғарыштық мекен – жайын іздеп тапты, және Теміртаудың жұлдызды аспанын құрастыруға мүмкіндіктері болды;
- сондай-ақ «Спутник-1», «Восток» және «Шаттл» зымыран тасымалдағыштарын қайта құрастыруды.