2025 жылғы 11 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде шығармашылық алаң форматында «Өнер ғарышты бағындырады» атты іс-шара өтті.
Іс – шараның бірінші бөлімінде қатысушылар зияткерлік танымдық процеске тартылды. Ол үшін қазақстандық ұшқыштардың ғарышты игеру тарихы туралы арнайы экспозиция дайындалды. Мұнда фотоматериалдар мен жәдігерлер, соның ішінде ғарыш нысандарының макеттері, сынақшы-ұшқыштың гермошлемі, Т.Әубәкіровтың сыйға тартылған туралы өз қолымен жазған жазбасы бар, ғарышқа ұшуы туралы фотоматериалдар көрсетілген альбом.
Ақпараттық блок ғарыш тарихы бойынша бейнефрагменттері бар мультимедиялық презентациямен толықтырылды.
Экспозиция бөлімдерінің бірінде ғарышкер- ұшқыш, ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам Леонов Алексейдің ғарыштық картиналарының көшірмелері ұсынылды.
Екінші бөлімде балаларға шығармашыл зерттеуші болуға және көркем туындылар жасауға мүмкіндік берілді, бұл шексіз ғарыш кеңістігіндегі қиялдың самғауы болды.
Бұл көрмені көрермендердің көпшілігі көру үшін, барлық суреттер музейдің қасбет терезелеріне көше көрінісінде орналастырылды.