2025 жылғы 29 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай балабақша тәрбиеленушілері үшін «Достық биі» атты қызықты музейлік квест басталды. Экскурсияға келушілер Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты.
Қазақ киіз үйінде оларды Қарашаш қарсы алып, көшпенділердің ойлап тапқан кереметі - торсықтың таңғажайып оқиғасын айтып берді. Ал балалар торсықты ұлттық ою-өрнекпен безендірді. Балалар асық -сүйекпен танысып, «Хан талапай» деп аталатын қазақ ұлттық ойынын ойнады.
Украиндық хуторда ойыншыларды шебер Федор қарсы алды, ол украин асханасының құпияларымен бөлісіп, балалар алма қосылған тұшпара жасады. Сондай – ақ, балалар өз бетінше қыздардың бас киімі - украиндық гүлдесте өрді.
Грек Ойкосында балаларды Элефтерия қарсы алды. Ол би сабағын өткізді, балалар дөңгелене тұра қалып грек халқының ең танымал «Сиртаки» биін биледі. Квестке қатысушылар жәдігерлерді жәшіктерге орналастырып күн шуақты Грецияның байлығын тапты.