2025 жылғы 30 мамырда сағат 16.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Балаларды қорғау күніне орай Ирина Наумованың «Балалық шақ сиқыры немесе қуыршақтар жұмағы» атты қуыршақтар топтамасының көрмесі ашылды.
Көрмеде жеке эскиздер бойынша тігілген және тоқылған авторлық киімдердегі 50-ден астам қуыршақ ұсынылды.
Топтамамен автор Ирина Наумова таныстырды. Бұл іспен Ирина 2000 жылдың басында айналыса бастады. Алғашқы үлгілер - ұлттық костюмдердегі қолдан жасалған қуыршақтар сериясы. Топтаманы кеңейте отырып, ол бас киімдерден, аксессуарлардан, көйлектерден аяқ киімге дейін жасай бастады.
Бүгінгі таңда томтамада 100-ден астам дана бар.