2025 жылдың 30 мамырында Балаларды қорғау күні қарсаңында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде "Бақытты балалық шақ" балалар шығармашылық алаңы ұйымдастырылды.
Қатысушылар 3 жастан 15 жасқа дейінгі қаламыздың жас тұрғындары мен Қарағанды облысы білім басқармасының "№ 8 арнайы мектеп-интернет" КММ тәрбиеленушілері болды. Балалар өз қолдарымен қатпарлы қамырдан смайликтер, маффиндер, ертегі мен мультфильм кейіпкерлерін жасап, оларды түрлі-түсті бояулармен әрлеп, музейдің қасбетіндегі тумбаларға орналастырды.