2025 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде, жәдігерлер арқылы мемлекеттік рәміздерді ғылыми тұрғыда егжей-тегжейлі зерттейтін, «Мемлекеттік рәміздердің киелі мәні» атты музейлік квиз өтті.
Ойынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Елтаңбасын егжей-тегжейлі зерттеп, оларды қазақ халқының материалдық мәдениетінің этнографиялық заттарында: шаңырақ, кереге, уық және т.б. белгілеп, 925 сынамалы күмістен жасалған «Proof» сапа монетасы бар «Қара жәшік» жұмбағының форматы арқылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасын орналастыру ережелерін зерделеді.
Командалық ойын форматында: ребус, анаграмма, сайыс түрлерін қолдана отырып, мемлекеттік рәміздердің тарихы зерттелді. Барлық материалдар мультимедиялық бағдарламаның көмегімен ұсынылды, танымдық бейнефильмдер көрсетілді.
Іс-шараға № 10 ЖББМ 2 - 4 сынып оқушылары қатысып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.