2025 жылғы 16 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде мектеп жанындағы лагерьлерге арналған «Көңілді өзгерістер» ойын бағдарламасы басталды. Шытырман тапсырмалар мен сынақтарға толы ойын бірнеше аймақта өтті.

Бірінші аймақта ойыншыларды қалпақшы қарсы алды. Балалар резеңке таспалар мен стақандарды пайдаланып, пирамида тұрғызды, үрлемелі шарлардың көмегімен стақандарды жылжытты, жылдамдыққа жәдігерлердің сұлбаларын салды.

Екінші аймақта ойынға қатысушыларды сиқыршы пері қарсы алды, онда ойыншылар музей твистерін, қазақтың ұлттық ойындары: ханталапай, асық ату, ақ сүйек ойнады.

Үшінші аймақта балаларды мобилограф қарсы алды, ол жас ойыншыларға жастардың қолданатын сөздерімен әртүрлі шытырман тапсырмалар берді.  Сондай-ақ, экскурсанттар жәдігерлерді сұлбасы бойынша болжап, оларды музей залынан тауып, шеңбер лақтыру ойынын ойнады.

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.