2025 жылғы 1 шілдеде «Әділ қоғам» жобасы аясында Домбыра күніне орай «Ұяша» бөбекжайының базасында «Домбыраның сиқырлы әуені» атты қуыршақ қойылымы өтті.

Қуыршақтар Айбатыр мен Настя Зере әжеге қонаққа барып, домбыра туралы таңғажайып әңгімелер мен аңыздарды тыңдады.

Теміртау қаласының № 2 музыкалық мектебінің «Самғау» дуэті Құрманғазының «Кішкентай», «Ақбай» күйлерін орындады. Жас көрермендер Құрманғазы Сағырбайұлының батырлардың ерлігі, ар-намыс пен әділдік туралы жырлары арқылы шығармашылығымен танысты.

Қойылым барысында кішкентай көрермендердің назарына түрлі музыкалық аспаптар ұсынылды: домбыра, қобыз, сазсырнай, тай тұяқ, асатаяқ, балалайка, мандолин, дойра, аккордеон, гусли және т. б.

Балабақша тәрбиеленушілері музыкалық аспаптарды қолдарына алып, танысып қана қоймай, өз оркестрін құрады.  Балалар музыкалық аспаптарды дыбысына қарай анықтап, тәтті сыйлықтар алды.

Қуыршақ қойылымына 54 бала қатысты.

 

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.