2025 жылғы 1 тамызда  Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Бояулардағы еңбек күндері» атты музей қорынан картиналар көрмесі ашылады.

Көрме Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған.

Экспозицияда көрменің тақырыптық семантикасын толық бейнелейтін 30 өнер туындысы ұсынылады.

Теміртау металлургтер қаласы, сондықтан ұсынылған туындылардың көпшілігі металлургия саласының қызметкерлеріне арналған. Қазақстандық Магнитка құрылысынан бастап Қарағанды металлургия комбинатының индустриялық көрінісіне дейінгі тарихи сәттер бейнеленген.

1974 жылы Теміртауда Бүкілодақтық акварелистер тобы жұмыс істеді, олар еңбек тақырыбына керемет туындылар жасады. Бұл туындыларды музей сатып алып, өнер қорына енгізді. Бүгін осы туындылар көрмеде ұсынылып отыр. Авторлардың қатарында белгілі суретшілер Татьяна Буракова (Мәскеу), Юрий Ефремов (Мәскеу), Шуков Александр (Красноярск), Владимир Антонов (Орынбор) бар.

Теміртауға әр кезеңде Қарағанды мен облыстың танымал суретшілері - суретшілер Одағының мүшесі Саркис Саносян мен Павел Андреюк, сондай-ақ Геннадий Кирсанов, Александр Сизинцев келді. Өз шығармашылығында суретшілер, деректі суретшілер ретінде Қазақстандық Магнитканың көптеген нысандарын, металлургтердің күнделікті еңбегін бейнеледі.

Еңбек тақырыбында теміртаулық суретшілер де өздерін бірнеше рет көрсетті. Қаланың әйгілі шежірешісі Михаил Подлесных, көркем өнеркәсіптік пейзаждар сериясын жасады. Андрей Осипенконың ауқымды кенептері ұсынылған экспозицияның орталығына айналды. Ол бірінші домна пешінің құрылысшыларына арналған.

Көрменің ерекшеліктерінің бірі – мұнда тек кескіндемелік кенептер мен акварель суреттерін ғана емес, сонымен қатар әртүрлі техникалық әдістердің - ою, литография, линогравюраның қолданылуымен жасалған графикалық суреттерді де көруге болады.

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.