2025 жылғы 29 тамыз сағат 11-00-де Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Әділ қоғам» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 ә/б негізінде «Ата заң - мәңгілік елдің берік тұғыры!» атты брифинг өткізілді.
Брифинг Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 ә/б мерзімді әскери қызметшілерінің қатысуымен бірнеше кезеңде өтті.
I кезең XV - XVIII ғасырлардағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» заңдар жинағынан бастап Қазақстандағы конституционализм идеясы туралы баяндайтын бейнехроникамен сүйемелденді.
ІІ кезең - архивтік құжаттар мен фотосуреттерден құралған экспозициялық блок, Қазақстанның конституциялық құрылысының тарихы, бес рет жазылған Конституция, оның ішінде 9 бөлімнен және 99 баптан тұратын 1995 жылғы Конституция туралы баяндайды.
Брифинг барысында ар-намыс, әділдік және абырой мәселелері қаралды, сондай-ақ экскурсанттар «қара жәшіктің» құпиясын ашып, тәтті сыйлықтар алды.






