2025 жылғы 5 қыркүйекте Теміртау тарихи-өлкетану музейінде А.Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан халқының Тілдері күніне орай, "Әділет қоғамы"жобасы аясында, "Ана тілім, дана тілім" атты музейлік квиз басталды.

Музей жәдігерлері арқылы, соның ішінде бірегей заттар - ХІХ ғасырдың араб тіліндегі Құран кітабы, ХІХ ғасырдың соңындағы шіркеу-славян тіліндегі Евангелие, арабша жазуы бар күміс дирхем монетасы, қазақ тілінде латын әліпбиін қолдана отырып толтырылған М. Жаңабергеновтің 1938 жылғы куәлігі мен мандаты арқылы- ойынға қатысушылар ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін тілдің қалыптасу процесіне талдау жасады, петроглифтерден, түркі руникалық хаттарынан және латын графикасына негізделген қазіргі қазақ тілі әліпбиіне дейінгі қазақ жазуының тарихымен танысты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың сөйлеудегі ерекше формаларын көрсету үшін экспозицияда зағиптарға арналған кітаптар, қол сағаттары, қоңырау сағат, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған жиналмалы таяқ, Брайль бойынша жазу дағдыларын дамытуға арналған құралдар көрсетілді.

Экскурсанттар тілдік сынақтардан өтіп, интерактивті ойын сәттеріне қатысты: көшбасшыға жолдау салу, "қара жәшіктің" құпияларын ашу және жәдігерлердің атауын 3 тілде айту, "тілдік" мұнара салу, руникалық және араб әріптерін жазу, естімейтін- сөйлемейтін жандардың тілін үйрену, сөйлеу мәдениетінің ережелерін сақтау.

 

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.