2025 жылғы 24 қыркүйекте Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Еңбек күні мен жұмысшы кәсіптер жылына арналған «Өткен кезеңдегі және қазіргі мамандықтар» коучинг-тренинг форматында іс-шара өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастаманың басты мақсаты - жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау.
Ақпараттық-практикалық таныстыру мақсатында музей коучинг-тренинг өткізді. Ол үшін қатысушылар 4 аймақта болып:
- Арбакеш – Көлік жүргізуші
- Кір жуушы - Химиялық тазалау технологы
- Шөппен емдеуші - Медбике
- Аяқ киім тазалаушы – Аяқ киім технологы
Әр аймақта интерактивті тапсырмаларды орындай отырып, алғашқы кәсіби дағдыларды меңгерді – рубель мен кір жуғыш тақтаның көмегімен кірді жуу және үтіктеу, қамшы өру, инъекциялар мен таңғыштар жасауды үйрену, химиялық тазалау белгілері мен жол белгілерін тану, аяқ киімді тазалауды үйрену және аяқ киім үлгісін анықтау.
Іс-шараның тақырыбын толық қанды зерделеу үшін әр аймақта экспозициялық блоктар құрылды, онда әр мамандық бойынша өткен және қазіргі кезеңге шолу жасау үшін қолданылатын құралдар мен тарихи фотоматериалдар ұсынылды.




