2025 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы күніне орай Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Жаса, жайна Қазақстан!» атты  Quiz форматында зяиткерлік ойын ұйымдастырылды.

Ойын 3 раундтан тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр турда әр дұрыс жауап үшін команда ІІ балл алады.  Ең көп ұпай жинаған команда ойынның жеңімпазы атанады.

I раунд «Жылдам, биік, күшті». Экранда қазақ халқының аңыздарымен байланысты фотосуреттер, құжаттар, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген нысандар, сондай-ақ Қазақстанмен байланысты тарихи оқиғаларды бейнелейтін мұрағаттық құжаттар пайда болады. Планшетті бірінші көтерген және сұраққа дұрыс жауап берген Команда ұпай алады.

II раунд «Сұрақ-жауап». Ойыншылар Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт- дәстүрі, әдет - ғұрпы туралы білімдерімен жарысты. 

II тур «Қара жәшік». Сұрақтарға жауап беру арқылы қатысушылар қара жәшікте жасырылған заттарға қол жеткізді. Қатысушылардың назарына: құстұмсық жүзік, сәукеле, тымақ, құдағи жүзік, қамшы, асық, торсық және т. б. ұсынылды.

Ойын қорытындысы бойынша № 10 ЖББМ «Қырандар» командасы жеңімпаз атанды. Жеңіске жеткен командаға естелік сыйлық табысталды: Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің «Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі» авторлық кітабы.

Ойынды өткізу үшін Теміртау қаласының №10 ЖББМ 8 сыныбынан  14 адам шақырылды.

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.