2 декабря 2025 года в Темиртауском городском историко-краеведческом музее в честь празднования Дня Независимости РК и 103-летию образования Алаш Орды стартовала интеллектуальная игра в формате брейн-ринг «Тәуелсіздік-тұғырым!».
Ойынды өткізу үшін Теміртау қаласының №2, №10 ЖББМ оқушылары шақырылды. Әр командада 6 ойыншы. Ойын 3 турдан тұрды. Бірінші болып сұрақтарға дұрыс жауап берген команда І балл алады. Әр команданың жинаған ұпайларының саны таблоға шығарылып тұрды. Ең көп ұпай жинаған команда ойынның жеңімпазы атанды.
І тур «Блиц сауалнама». Ойыншылар Қазақстан тарихы, сондай-ақ қазақ халқының ғасырлар бойғы салт -дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерімен жарысты.
ІІ тур «Ұяшықты таңдап - сұрақ ал» деп аталды, бұл жерде қатысушылар қазақ халқының аңыздарына, мәдениеті мен тұрмыс -тіршілігіне байланысты сұрақтарға жауап берді.
ІІІ тур «Қара жәшік». Жәдігерлер қара жәшікте жасырылған. Ойынға қатысушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қара жәшіктің құпияларын ашып, көрермендердің назарына: тай тұяқ, өңіржиек, 1905 жылғы үлгідегі 3 рубль банкнотасы (1913 жылы «Қазақ» газетінің жылдық жазылымының бағасы 3 рубль болды), «proof» сапалы монеталар, тымақ, қамшы және басқада жәдігерлер көрсетілді.
Ойын қорытындысы бойынша №2 ЖББМ командасының ойыншылары жеңіске жетті. Жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар ұсынылды.


