2026 жылғы 6 ақпанда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Т-Арт»клубының «Шабыттың 20 жылы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтті. «Т-Арт» клубы 2006 жылы Теміртау тарихи-өлкетану музейінің базасында құрылды. Клуб жұмысына танымал суретші Юрий Пильтихин жетекшілік етеді. Бүгінде клуб 25 адамнан құралады. Олардың арасында кәсіби суретшілермен қатар әуесқойларда бар. Клуб тек шығармашыл жандардың бірлестігі ғана емес, сонымен қатар өнерге деген қызығушылық танытқандардың басын қосқан орталыққа айналды. Осы жиырма жылдық жұмыс барысында көрермендер назарына көптеген жарқын және есте қаларлық жобалар, көрмелер мен іс-шаралар ұсынылды. Мерейтойлық көрме жоғарыда айтылғанның дәлелі. Қатысушылардың әрқайсысы клубтың тұжырымдамасына сәйкес бірнеше жаңа туындылар ұсынды– тұжырымдама бойынша жыл сайын көрермен әлі көрмеген суреттерді көрсету. Бірақ соңғы онжылдықта суретшілер, көрмелердің сәніне айналған, көптеген керемет өнер туындыларын жасады, олардың ең үздігін келушілер тағы бір рет көрді. Туындылардың жанрларының алуан түрлігі көрмені көп қырынды етті. Олардың орындалу техникасы да бір біріне ұқсамайды. Классикалық, дәстүрлі шығармалардан бастап қазіргі дерексіз шығармаларға дейін. Олардың арасында графикалық туындылар сериясы, пастоздық натюрморттар, көркем табиғи пейзаждар, акрил құймалары, сондай-ақ сұйық бояу өнері стилінде жасалған көлемді және ерекше мәнерлі суреттер де бар.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.