2026 жылғы 27 ақпанда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орай «Жерұйық» дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.

2016 жылғы 1 наурызда мемлекеттік мерекелер күнтізбесінде Алғыс айту күні пайда болды. Мерекенің құрылуына қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихы түрткі болды: әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқы жүздеген мың қоныс аударушыларды қабылдады.

Мұның тарихи оқиғалардың қалай болғанын біз бастапқы дерек көздерден біле аламыз. Осы оқиғалардың үнсіз куәгерлері: фотосуреттер, естеліктер мен құжаттар біздің музей қорында сақталған.

Дөңгелек үстелдің әрбір қатысушысы ұсынылған материалмен танысып, зерттеп, жұмыс істей алды. Оларға көшіру, жер аудару құжаттарының көшірмелері, осы оқиғалардың куәгерлерінің өз қолымен жазылған естеліктер жинақталған папкалар таратылды. Бұл әр түрлі кезеңде Қазақстанда көші-қон үдерісі қандай жағдайда өткенін тереңінен қарастыруға мүмкіндік берді.

Мультимедиялық форматта фотоқұжаттық материалдар мен бейнефильмдер хроникасын қарау ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің басты тақырыптары:

 

  • Қазақстан - қоныс аудару тарихы
  • 20-30 жылдардағы арнайы қоныс аударушылар
  • 30-40 жылдардағы жер аудару

 

Іс-шараға қонақтар да қатысты. Атап айтқанда, Винтер Татьяна Куртовна. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған немістер отбасынан шыққан және әкесінің тағдырын баяндап, құжаттарын, фотосуреттерін, суреттерін ұсынды, олардың біразы музей қорына тапсырылды.

 

 

 

 

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.