2026 жылғы 6 наурызда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Кездейсоқ әйел бейнелерінің иллюстрациялары» атты қор экспозициясы ашылды. Экспозиция Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Хайниса Рахымжанқызы Мұстафинаның жеке көрмесі аясында ұсынылды.

Көрме жобасын дайындау барысында музейдің қор жинағынан музей заттарын іріктеу жұмыстары жүргізілді. Экспозицияның негізін XIX-XXI ғасырлар аралығындағы түпнұсқа жәдігерлер құрады. Көрменің көркемдік тұжырымдамасын жасау үшін музейдің суретші- безендірушісі Хайниса Мұстафина музей заттарынан шабыттанған графикалық иллюстрациялар жасады.

Көрме залының орталығында «Кездейсоқ әйел бейнелерінің иллюстрациялары» көркемдік инсталляция ұсынылады. Әрбір авторлық графикалық туындының айналасында - музей жәдігері. Әрбір зат - киім элементі, аксессуар, тұрмыстық немесе сәндік заттар - көркемдік сипаттаудың бастапқы нүктесіне айналды, графикалық иллюстрациялар олардың тарихын, көңіл-күйін және адами өлшемін айқындады.

Экспозиция музей заты мен авторлық графиканы біріктірді, бұл келушілерге тарихи артефакт пен көркем қиял арасындағы байланысты көруге мүмкіндік береді.

Экспозиция - форма, бөлшек немесе зат арқылы- күнделікті өмірде өте таныс, көзге үйренген, бірақ соған қарамастан ерекшелікке, құпияға толы әйел бейнесінің қалай ашылатынын көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар экспозиция әйел өмірінің сыртқы көрінісі өзгеріске ұшырағанына қармастан, оның ішкі дүниесі өзгермейтінін айқын жеткізеді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.