2026 жылғы 11 наурызда Теміртау қалалық музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында «Кармен опасы» атты экспозиция ашылды.

Музей қорында 1946-1953 жылдар аралығында Харьков парфюмерлік фабрикасы шығарған, кеңес дәуірінде кеңінен танымал болған косметикалық өнім — «Кармен» опасы сақталады. Жәдігерді музейге Муравская Галина Васильевна сыйға тартқан. Ол оның анасына тиесілі болған. Қарағанды қаласында сатып алынған.

Өнімнің атауы Джордж Бизенің опералық кейіпкері «Кармен» бейнесімен байланысты, оның премьерасы 1935 жылы Станиславский Опера театрында үлкен жетістікпен өткен болатын. Кармен тақырыбына қызығушылықтың артуы соншалықты, оның бейнесі опа қаптамасының, одеколон құтыларының және иіс сабынның көркемдік дизайнының негізгі элементіне айналды.

Опа бірнеше түсте шығарылды — ашық қызғыш, ақ және қою дене түстес («Рашель»). Қорап қалың картоннан немесе пластиктен жасалды. Футлярының қақпағында «Кармен» операсының кейіпкері — қолында раушангүл ұстаған испандық сыған қызы қырынан бейнеленген, екі жақ бүйірі раушангүлдермен безендірілген. Қораптың түбінде өндірушінің сауда белгісі және «РАШЕЛЬ» мөрі басылған. Опа тальк, крахмал және минералды пигменттер негізінде ұнтақ түрінде және айқын парфюмерлік хош иісті болып жасалды. Ең арзан санаттағы «В» тобы өнімінің сатылу бағасы 10 тиын болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02    +77073434247 (экскурсияға жазылу)

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.