2026 жылғы 24 сәуірде Теміртау қалалық тарихи - өлкетану музейінде Шахтинск қаласының суретшісі Елена Нивиденскаяның «Жанды киіз» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Нивиденская Елена — Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, заманауи технологиялар мен дәстүрлі қолөнер тәжірибелерін ұштастыратын жаңашыл педагог. А.Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының директоры, Шахтинск қаласындағы Ұлттық дизайн академиясының академигі.
Ол жүнмен жұмыс істеудің шебері, қолөнер мен кескіндемені үйлестіре отырып, әсерлі туындылар жасайды. Оның шығармаларының тақырыбы жан - жақты — халық дәстүрлері, адамдар, табиғат және жануарлар әлемі.
Көрмеде шамамен 40 шығармашылық туынды ұсынылды. Олар құрғақ және дымқыл киіз басу техникасында, сондай-ақ жүнмен бейнелеу тәсілінде орындалған. Туындылар портрет, натюрморт, пейзаж және сәндік абстракция жанрларында жасалған, сондай-ақ мұнда көлемді жұмыстар — бас киімдерді де көруге болады.





