2026 жылғы 6 мамырда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Отан қорғаушылар күніне орай «Батырлық жолы» әскери-патриоттық art-квест басталды.
Квест бірнеше аймақтарда өтті.
Медициналық комиссия: жас сарбаздар бойын, салмағын, дене қызуын, тамыр соғуын өлшеп, медициналық карта толтырды.
Әскери-саяси дайындық: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы, құрылымы және әскер түрлері туралы дәріс-сұхбат.
Байланыс батальоны: Морзе әліпбиі арқылы құпия әскери құжаттарды оқу.
Медсанбат: жарақаттану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Далалық асхана: далалық жағдайда ас дайындау.
Оқу полигоны: кедергілерден өту (дөңгелектер, тақтайлар және т.б.).
Ойынға Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.








