2026 жылғы 18 мамырда Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда Халықаралық музейлер күніне орай «Жәдігер салтанаты. Өркениет импульсі» атты музейлік мереке өтті.

14 жыл бойы музей «Жәдігер салтанаты» атты авторлық жобаны жүзеге асырып келеді. Жыл сайын қордағы жәдігерлерден мерекенің басты кейіпкері болатын тақырыптық топтама таңдалады. Биыл біз ерекше жәдігерлерді ұсындық. Олар - өркениет импульсі, адамзат дамуының маңызды белестері. Әрбір жәдігер адамдардың өмір салтын, ғылымды, мәдениетті және техникалық прогресті өзгерткен дәуірдің нышаны болып табылады.

Іс-шараның орталығында «Өркениеттің маңызды белестері» атты экспозиция орын алды. Алаңның дәл ортасында тұғырларға қойылған 20 бірегей жәдігер ұсынылды.

Мерекенің екінші бөлімінде Ғ. Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебімен ынтымақтастық аясында оқушылар өз шығармашылығын ұсынды:
• Музыкалық бөлім

  • Көркемөнер бөлімі. Ғ. Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің көркемөнер бөлімінің оқушылары шеберлік сағатын өткізді. 1,5 сағат бойы олар экспозициялық заттарды бейнелей отырып, сюжеттік туындылар салды.

Орталық алаңда зияткерлік-ойын-сауық бағдарламасы өтті.

Мереке қонақтары 6 шығармашылық тақырыптық аймаққа қатысты:


  • Хоббихорсинг
    • Жәдігерлер сыбыры
    • Желпуіш шеберханасы
    • Музейлік қолтырауын
    • Өз арамыздағы бөтен
    • Музейлік жұлдызнама

Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.