2026 жылғы 10 маусымда Теміртау тарихи - өлкетану музейі алдындағы алаңда  «Музей қалашығы» атты мерекелік іс –шара өтті.

Бұл музей жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан авторлық жоба! Жазғы демалыс кезінде, бір күн ғана, музей Қалашық қонақтарын қарсы алады. Алғаш рет бұл шара 2005 жылы өткізіліп, «Үміт серуені» деп аталды және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орайластырылды. Ол кезде бар болғаны төрт шығармашылық алаң жұмыс істеді. Бір жылдан кейін жоба «Музей қалашығы» атауын алды. Дәл осы атау 2015 жылы Теміртау музейі алған авторлық құқық туралы құжатта көрсетілген. 20 жыл ішінде мерекенің тақырыптары өзгеріп, жаңа интерактивті алаңдар пайда болды. Биылғы қалашық «Музей орбитасы» деп аталып, ғарыш тақырыбында ұйымдастырылды.

Мақсатты аудитория – бұл мектеп жанындағы лагерьлердің, балабақшалардың тәрбиеленушілері, сондай-ақ қаламыздың ересек тұрғындары мен балалары. Олар музей жәдігерлері мен тақырыптық тапсырмалар арқылы тарихи-мәдени ортаға тартылып, 10 шығармашылық аймақты аралап, төменде көрсетілген оқиғаларға тап болды:

  • Ғарышкерлерді даярлау орталығында іріктеуден өтті;
    • Зерттелмеген ғарыш әлемімен танысты;
    • Техникалық модульдегі ақауды жөндеді;
    • Планетааралық тілді меңгерді;
    • Галактикалық аудармашы болды;
    • Метеориттік жаңбырдың салдарын жойды;
    • Борт компьютерінен алынған шифрды тапты;
    • Ғарыш кемесінің құрастырды;
    • Ғарыштық тілек тіледі;
    • Галактикалық галереяда бөгде ғаламшарлықтың портретін салды.

«Музей қалашығына» 900-ге жуық адам қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.