2026 жылғы 26 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды облысының 90 жылдығына арналған Облыстық бейнелеу өнері музейі қорынан «Сарыарқа шежіресі» атты суреттер көрмесінің ашылуы өтті.

Биылғы жыл мерейтойлық болып саналады. Өйткені, 1936 жылы Қарағанды облыстың әкімшілік орталығы деп белгіленді.

Ұсынылып отырған көрме Қазақстанның индустриялық әрі мәдени өңірінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған. Экспозиция алғашқы кеншілер кенттерінен бастап еліміздің ірі өнеркәсіптік, ғылыми және рухани орталығының қалыптасуына дейінгі облыстың даму жолын бейнелейді. Өлке тарихы өңірдің даму кезеңдері мен оның тұрғындарының өмірін суреттейтін кескіндеме және графика туындылары арқылы жеткізілген.

Көрмеге Қарағандының белгілі суретшілері – Сейтмахан Қалмахановтың, Мыңғыш Әбілқасовтың, Әубәкір Ысмайыловтың, Райымқұл Есіркеевтің, Григорий Гилевскийдің, Павел Андриюктің және Виктор Крыловтың 32 суретттері қойылған. Олардың туындыларында индустриялық пейзаж, қалалық орта, күнделікті тұрмыс көріністері мен кеншілер өлкесінің болмысын қалыптастырған еңбек адамдарының бейнелері көрсетілген.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.