2026 жылдың 1 шілдесінде сағат 10.00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында "домбыра достарды жинайды"атты қуыршақ қойылымы өтті.
Айбатыр мен Настя қуыршақтары Зеренің әжесіне қонаққа барды, ол оларға домбыра туралы таңғажайып әңгімелер мен аңыздарды айтып берді.
Қойылым барысында кішкентай көрермендердің назарына түрлі музыкалық аспаптар ұсынылды: домбыра, қобыз, сазсырнай, тай тұяқ, асатаяқ, балалайка, мандолина, понтикалық лира, қоңырауа, аккордеон, гусли, цымбалы және т. б.
Балабақша тәрбиеленушілері музыкалық аспаптарға қол тигізіп қана қоймай, өз оркестрін құра алды. Балалар музыкалық аспаптарды дыбыстап анықтап, тәтті сыйлықтар алды.
Қуыршақ қойылымына 38 бала қатысты.




