2026 жылғы 4 қыркүйекте Теміртау тарихи-өлкетану музейінде қала суретшілерінің «Шектеуден тыс» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Бұл - қала суретшілерін біріктіретін көрме жобасы әрбір автордың кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнерінің басқа да бағыттары арқылы қазіргі әлемге деген өзіндік көзқарасын білдіреді.

Міндетті шарт- көрмеге жаңа туындыларды ұсыну.

Көрмеде келесі қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылды:

  • Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі Қуат Асқаров;
  • Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі Александр Болюх;
  • Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі Надежда Болюх;
  • Қазақстан Республикасының Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі Хайниса Мұстафина.

Сондай-ақ көрмеге қалалық «Т-Арт» суретшілер клубының белгілі суретшілері Буде Аманжолов, Дмитрий Дюмин, Елена Малецкая, Татьяна Ню, Валентин Садовский, Юрий Пильтихин, Анна Трушкова, Любовь Цатурян қатысты.

Оларға шығармашылық ізденістегі суретшілер - Степан Бабий, Игорь Сатаев, Айжан Дюсембаева, Елена Темиршаихова қосылды.

Өз шығармашылығын Ғ.Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебінің оқытушылары - Элеонора Градова, Евдокия Богза, Елена Карягина, Алла Сотникта ұсынды.

Көрменің «Шектеуден тыс» аталуы қалыптасқан үлгілер мен шектеулерден бас тарту, өнерді оның сан қырлы әрі алуан түрлі болмысымен көрсету. Жобаның басты мақсаты - көрермендерге жаңа әсер сыйлау, оларды қаладағы шығармашылық үдеріспен таныстыру және қоғамның мәдени өміріндегі өнердің маңызды рөлін айқындау.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05+7 747 185 58 02   

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.