Теміртау тарихи-өлкетану музейінде маусым айының «Ай жәдігері» ұсынылды. Бұл жолы келушілердің назарында — жазушы әрі публицист Дмитрий Васильевич Оськиннің жеке күнделігі.

 

 

Маусым айының экспонаты — жай ғана сарғайған парақтары бар ескі дәптер емес. Бұл — уақыт капсуласы іспетті. Мұнда бір адамның, яғни Қазақстан Магниткасын салуға атсалысқан, сол дәуірдің шежірешісіне айналған азаматтың жан дүниесі мен толғаныстары сақталған.

Лаура Каленова, қор бөлімінің меңгерушісі: «Жалпы бұл күнделік жайлы айтатын болсақ, бұл тек жай ғана шимай-шатақ жазуы бар дәптер ғана емес, бұл — ақын, жазушының сол жұмыс істеген кезеңдеріндегі барлық маңызды оқиғалары жазылған құнды дүние. Бұл кісі әрдайым күнделік ұстап, оны үнемі толтырып жүрген».

Дмитрий Оськиннің есімі Теміртау мен Қарағанды облысы тұрғындарына жақсы таныс. Ол 1959 жылы Қазақстан Магниткасын салуға келген және өмірінің қалған бөлігін осы қалада өткізді. Құрылыста жұмыс істеп жүріп, күнделік жазуды тоқтатпаған. Сол жылы оның алғашқы өлеңі «Комсомолец Караганды» газетінде жарық көрді. Ал тұңғыш кітабы — «Күнді көремін» 1964 жылы Мәскеуде «Молодая гвардия» баспасынан шыққан.

Лаура Каленова, қор бөлімінің меңгерушісі: «Көптеген шығармалары көбіне Теміртау қаласына арналған. Бұл — осы қаланың тұрғындарына арналған туындылар. Сондай шығармаларының бірі — біздің қорымыздағы осы ақынның “Казахстанская Магнитка — колыбель моя” деп аталатын еңбегі. Жалпы, бұл кітабында жазушы сол уақытта алғаш соғылған тастан бастап, ең мықты домна пешінің құрылуына дейінгі бүкіл құрылыс кезеңін баяндап, сипаттайды».

Дмитрий Оськиннің шығармалары — көркем әдебиет қана емес, тарихи дерек көзі. Олар жұмысшы табының тұрмыс-тіршілігін, еңбек пен ерлікті көрсетеді. Ең бастысы — жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор. Уақытпен сырласқыңыз келсе, музейге келіп, маусым айының экспонатымен танысуға мүмкіндік бар.

 

«Ай жәдігері» — жазушының күнделігі — еТемиртау

 

 



 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.