Теміртау тарихи-өлкетану музейінде дәстүрге айналған «Дарындар шоқжұлдызы» көрмесі ашылды. Онда Ғазиза Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің бейнелеу өнері бөлімінің оқушылары өз туындыларын ұсынды.

 

 

«Дарындар шоқжұлдызы» көрмесі – жыл сайын өтіп келе жатқан игі дәстүр. Бұл жолы көрмеге 64 жұмыс қойылды. Жас суретшілер портрет, натюрморт, әйгілі суреттердің көшірмелерін ұсынды. Әрқайсысы түрлі техникада орындалған. Тақырыптары да сан алуан — күнделікті өмір көріністерінен бастап ертегілер мен ұлттық салт-дәстүрге дейін.

Светлана Трещёва, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері: «Біздің қаламызда бір ғана музей бар және біз жас өнерпаздарға шығармашылық жолда алғашқы көрмелерін өткізуге мүмкіндік беруге тырысамыз. Жыл сайын көрме жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Жұмыстар графика, пастель сынды дәстүрлі әдістермен ғана емес, заманауи технологияларды қолдану арқылы да жасалған. Бұл – үлкен еңбектің, кәсіби бағыттағы алғашқы қадамдардың жемісі».

Көрмеде бейнелеу өнерінен бөлек, сәндік-қолданбалы бағыттағы жұмыстар да кеңінен ұсынылды. Мозаика, витраж, жіптен жасалған композициялар, квиллинг техникасы — бәрі де балалардың қиялы мен шеберлігін танытады. Сондай-ақ көрмеге көркем пластилиннен жасалған шағын мүсіндер де қойылған.

Алла Сотник, Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің мұғалімі: «Биылғы көрмеде декоративті жұмыстар өте қызықты. Сонымен қатар, мұғалімдеріміз оқушыларымен қосылып, адам бойындағы мүсін жасап, көрмеге ерекше әсер берді».

Ұсынылған жұмыстар — оқушылардың оқу жылы барысында орындаған дипломдық және бақылау жұмыстары. Барлығы мұғалімдердің жетекшілігімен дайындалған. «Дарындар шоқжұлдызы» көрмесін Теміртау тарихи-өлкетану музейінде шілде айының соңына дейін тамашалауға болады.

 

Музей қабілетті жастарға есігін ашты — еТемиртау

 

 

 



 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.