Теміртау музейі көпшілік назарына ХХ ғасырдың басынан бастап шығарылған мерзімді басылымдардың, газеттер мен журналдардың үлкен жинағының бір бөлігін ұсынды.
Алғаш рет біз келушілерге елімізде және Теміртау қаласында орын алған тарихи оқиғаларға мерзімдік басылымдар арқылы шолу жасап: Ресей империясының кезеңі, қуғын-сүргін және тоқырау дәуірі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен қайта құру дәуірлерінің ахуалына енуге мүмкіндік бердік. Сталиннің жеке басына табынушылықты жою, алғашқы ғарышкер Ю.Гагариннің ғарышқа ұшуы мен өлімі, алғашқы Қазақстандық домнаның іске қосылуы, Невада-Семей қозғалысы және тағы басқа да оқиғаларды қамтитын басылымдар көрсетілді.
Сонымен қатар, көрмеге келушілер ондаған жылдар бойы газеттердің пішіні мен беттелуінің қалай өзгергенін, әртүрлі уақытта қандай хабарламалар мен жарнамалар жарияланғанын көрді. Бұл көрме әрі ойландырды, әрі күлдірді!
Экспозицияның әрбір бөлімі тарихи дәуірге сәйкес интерактивті фотосурет аймағы түрінде ресімделген. Бұл аймақтарда келушілер естелікке суретке түсті.