2025 жылғы 26, 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Алғыс айту күніне орайластырылған «Киімдерден рәсімдерге дейін» ұлттық мәдениеттер фестивалі өтеді.
2 күндік мерейтой аясында музей үлкен фестиваль алаңына айналды.
Бірінші күн халықтардың материалдық мәдениетіне арналды. «Киімдерден рәсімдерге дейін» ұлттық мәдениеттер фестивалінің материалдық мәдениет күнінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу барысында «Ұлттық костюмдер тарихы» жобасы аясында музей өз күшімен жасаған қазақ, орыс, корей және поляк костюмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілімге «Шанчек» Чуваш этномәдени орталығы қатысты.
Тілеуғазы Дүйсембеков дәстүрлі қазақ қолөнері - ағаш өңдеу өнерінің қыр-сырымен бөлісті.
Корей халқының ұлттық тағамы кукси дайындау және таяқшаларды пайдалану этикетінің ережелерімен таныстыру арқылы дәстүрлі ұлттық тағамдар көрсетілді.
Түрлі ұлттық мәдениеттердің тұрмыстық заттарын қолдану арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды.
Фестивальдің екінші күні рухани мәдениетке арналды.
Іс-шара барысында музыкалық аспаптық мәдениет музыкалық мектеп оқушыларының «Мұрагер» қазақ халық аспаптық оркестрінің өнер көрсетуімен таныстырылды.
Грек халқы биінің орындалу дәстүрі және «Понтос» этномәдени орталығының «Анекси» ансамблінің өнері арқылы ұлттық би өнері көрсетілді. Халық фольклоры "Фольксшимме" этномәдени орталығының неміс ансамблі мен "Дуслык"татар ансамблінің ән өнерінде көрініс тапты.
Фестиваль дәстүрлі ұлттық ойындардың челенджімен аяқталды.