2025 жылғы 06 наурызда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Дирекция басқармасы бойынша бұйрықтан үзінді көшірме СК Совпрен № 2 зауыты, 1943 жылғы 8 наурыз» экспозициясының ашылуы өтті.
8 наурыз – әлемнің көптеген елдерінде ерекше мәнге ие және әйелдердің қоғамдағы рөлін мойындаудың символына айналған Халықаралық мереке. Халықаралық әйелдер күнінің тарихы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы әйелдердің еңбек, әлеуметтік және саяси құқықтары үшін күресімен байланысты болды. 1975 жылы БҰҰ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін ресми мерекелеу ретінде мойындады. Бұл маңызды құжаттың тармақтарын 189 мемлекет ұстанады.
Бүгін Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде бұл күн - көктемнің дәстүрлі мерекесіне айналды. Адамдар барлық әйелдерді құттықтап, гүл шоқтарын, сыйлықтар мен ашық хаттар сыйлайды.
Бірақ, біз бүгін 1943 жылға ораламыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында Самарқанд кентінде (1945 жылдан Теміртау) көптеген өнеркәсіптік нысандардың құрылысы жүріп жатты, олардың бірі Қарағанды № 2 Синтетикалық каучук зауыты болды. Негізгі жұмысшылар қауымы әйелдер болды, себебі ер адамдар майданға шақырылып жатты. Сол ауыр жылдары 8 наурыз әдеттегі жұмыс күні болатын. Бірақ ең лайықты қызметкерлерге міндетті түрде мадақтама қағаздары тапсырылып, газеттерде олардың еңбектегі табыстары туралы өлеңдер мен мақалалар жарияланды. Бұл оқиғамен біздің музей қорындағы өте қызықты экспонат байланысты - бұл 1943 жылғы 8 наурыздағы СК Совпрен № 2 салынып жатқан зауыт дирекциясы басқармасының бұйрығынан үзінді көшірме. «Біздің ұжымның барлық әйелдерін 8 наурыз - Халықаралық Коммунистік Әйелдер күнімен құттықтаймын. Ұлы Отан соғысы кезінде біздің ұжымның көптеген әйелдері зауыттың құрылысына өз күштерін арнап, жақсы жұмыс үлгілерін көрсетті. 8 наурызда өтетін Халықаралық коммунистік әйелдер күніне орай № 2 СК-Совпрен зауытының жұмысшылары бағалы сыйлықтармен марапатталады.» Бұл құжаттағы ең қызықтысы: «Біздің ұжымдағы барлық әйелдерді жұмысты күшейтуге шақырамын»... деген тілек сол кездегі ең өзекті тілектердің бірі болған шығар.
Мереке қарсаңында біздің музей ХХІ ғасырдың 8 наурызында әйелдер қандай ізгі-тілектер алады деген сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелерін экспозициядан көруге болады.