2025 жылғы 22 наурызда Теміртау тарихи-өлкетану музейі Наурыз мейрамы аясында қаламыздың Бірлік орталық алаңында «Ұлттық костюм - мәдениет игілігі» атты көшпелі экспозициясын ұсынды.

Экспозиция киіз үйде орналасты, «Ұлттық костюм тарихы» жобасының шеңберінде түп нұсқа үлгісінде қайта жасалған және қайта жаңғыртылған костюмдер көрсетілді - бұл қазақ ерлер костюмі (ХХ ғасырдың басы), орта жастағы әйел мен жас келіншектің қазақ костюмі (ХХ ғасырдың басы), өзбек және татар әйелдерінің ұлттық костюмдері.

Костюмдердің тамаша көрінісін бірегей, сирек кездесетін музей қорының заттары толықтырды: ерлердің кісе белбеуі, қалыңдықтың бас киімі сәукеле, қамшы, өзбек дуппасы, қазақ қыздарының бөрігі, қысқы ерлер етігі, қолдан жасалған татар әйелдерінің аяқ киімі.

Экспозицияның орталық бөлігінде стильдендірілген арбадан фото аймақ жасалды, арбада танымал қазақ тұлғаларының маскалар жиынтығы болды, олардың арасында музыканттар, әншілер, әртістер бар. Қонақтар бұл маскаларды киіп көріп, естелік суреттерге түсті.

Экспозиция 6 сағат бойы жұмыс істеді.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.