22 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Теміртау қаласындағы экстремалды спорт түрлерінің даму тарихына арналған «Экстремалдар» экспозициясы ашылды.
Экспозицияның мақсаты - тәуекел өмірлерінің бір бөлігіне айналған және шабыт болған адамдардың батылдығын, жігерлігін және философиясын көрсету.
Көрме үш негізгі тақырыптық блоктан құралды:
- Мотоспорт
Көрмеге келушілер мото жарыстарын қозғалыс философиясы тұрғысында қарастырды, мотоцикл жарысының құрылымымен, спортшыларды даярлау кезеңдерімен танысты және 1970 жылдары аңызға айналған жабдықтар мен нағыз байкты көрді.
- «Торнадо» яхта клубы
Өңірдегі алғашқы яхта клубтарының бірінің тарихы туралы бөлім. Экспозиция спорттық яхталардың құрылысын, желкенді қайықты басқару ерекшеліктерін, яхташылар мен регатаның жетістіктері туралы баяндады.
- Парашютистер
Теміртау қаласындағы парашют спортының тарихы туралы, оның негізін қалаған адамдар туралы музей қорындағы фотосуреттер әңгімеледі.
Экспозиция спорттық экстремалды әлемнің тұтас бейнесін көрсетті.
Ашылу салтанаты ашық микрофон форматында өтті, қонақтар мото жарыс бойынша жаттықтырушы Г.С. Чубаревке және «Торнадо» яхта клубының жетекшісі А. Н. Павлюкке тікелей сұрақтар қойды.
Экспозицияның ашылуына қаламыздың БАҚ өкілдері қатысты.